
2025 жылдың 25 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезекті он екінші сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Бөгетбайұлы Әлмағамбетов ашып жүргізді. Кезекті сессия Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде көрсетілді.
Сессияның жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімдігінің мемлекеттік мекеме басшылары және аудандық мәслихаттың қызметкерлері қатысты.
Депутаттар алдын ала сессияның барлық материалдарды алды және шешімдердің жобаларымен және баяндамаларымен толық таныса алды.
Кезекті сессияның күн тәртібіндегі мәселелер:
1. Амангелді ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы.
Хабарламашы: Есболат Ахметшіұлы Әмірбеков – аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушысы.
2. Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы.
Хабарламашы: Есболат Ахметшіұлы Әмірбеков – аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушысы.
3. Амангелді ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы.
Хабарламашы: Есболат Ахметшіұлы Әмірбеков – аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушысы.
4. Амангелді ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
Хабарламашы: Есболат Ахметшіұлы Әмірбеков – аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушысы.
5. Амангелді аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
Хабарламашы: Еркебұлан Ахмедияұлы Молдахметов – аудандық мәслихат аппаратының басшысы.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып болған соң шешім қабылданып, сессия өз жұмысын аяқтады.