Бюджет, экономика, заңдылық пен құқықтық тәртіп және ауылшаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті

Бюджет, экономика, заңдылық пен құқықтық тәртіп және ауылшаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті

2025 жылғы 24 желтоқсанда аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық пен құқықтық тәртіп және ауылшаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, мәслихат депутаттары, ауданық қоғамдық кеңес төрағасы, мәслихат аппаратының басшысы және мәслихат қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде: «Амангелді ауданының 2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы», «Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Мұрат Сәлімжанұлы Сакетов және «Амангелді аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» мәслихат аппаратының басшысы Еркебұлан Ахмедияұлы Молдахметов хабарлама жасады. Тұрақты комиссия мүшелері тарапынан хабарламашыларға сұрақтар қойылып, ұсынымдар берілді. Қорытындылай келе, тұрақты комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданып, мәслихаттың кезекті он екінші сессиясына бекітілуге жолданды.