Амангелді аудандық мәслихатының Бюджет, экономика, заңдылықпен құқықтық тәртіп және ауылшаруашылығы жөнгіндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы Қарасу ауылында өтті

Амангелді аудандық мәслихатының Бюджет, экономика, заңдылықпен құқықтық тәртіп және ауылшаруашылығы жөнгіндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы Қарасу ауылында өтті

Амангелді аудандық мәслихатының «Бюджет, экономика, заңдылықпен құқықтық тәртіп және ауылшаруашылығы жөнгіндегі» тұрақты комиссиясы (төрағасы – Н.М.Хамзин) жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Қарасу ауылдық округінде шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытуда атқарылып жатқан іс-шаралар» жөнінде көшпелі отырыс өткізді.
Қарасу ауылдық округінің әкімі Е.Қ.Құлахмет атқарылған және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Комиссия мүшесі, мәслихат депутаты, «АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының Амангелді ауданындағы филиал директоры А.А.Жамансарин қосымша сөз сөйлеп, кәсіпкерлікті дамыту бағытында өз кеңестерін берді.
Тұрақты комиссия мүшелері баяндаманы тыңдап, пікірлерін білдіріп, тиісті қаулы қабылдады.