Аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Бөгетбайұлы Әлмағамбетов Амангелді аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясын өткізді

Аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Бөгетбайұлы Әлмағамбетов Амангелді аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясын өткізді

2025 жылдың 9 қазанында аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Бөгетбайұлы Әлмағамбетов ZOOM бағдарламасы арқылы Амангелді аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясын өткізді. Кезектен тыс сессия Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.
Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихат аппаратының басшысы және қызметкерлері қатысты.
Депутаттар сессияның материалдарын алып, шешімдердің жобаларымен және хабарламаларымен толық таныса алды.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі төмендегідей бекітілді:
1. Мәслихаттың 2018 жылғы 19 наурыздағы № 199 «Амангелді аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: Т.М. Турганов – аудандық мәслихат аппараты ұйымдастыру бөлімінің басшысы
2. №241 учаскелік сайлау комиссиясының және №5 округтік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына жаңадан комиссия мүшелерін сайлау туралы
Хабарламашы: Е.А. Молдахметов – аудандық мәслихат аппаратының басшысы.
Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып болған соң шешім қабылданып, сессия өз жұмысын аяқтады.