Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы

2025 жылғы 12 қыркүйек күні Амангелді аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес отырысы өтті. Комиссия отырысына мәслихат аппаратының бас маманы Т.М.Турганов, Амангелді ауданының Тасты ауылдық округі әкімі Қ.Б.Баженов, Амангелді ауданының Ақсай ауылының әкімі М.Т.Баймұханов және мәслихат депутаттары қатысты.

Жиынға білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы Ж.Х.Сыздықов төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Аталған отырыстың күн тәртібінде «Тасты ауылдық округінің абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау, әлеуметтік салаларды дамыту барысы және алға қойған міндеттері туралы» және «Ақсай ауылы әкімінің әлеуметтік салаларды дамыту барысында атқарған жұмыстары  және алға қойған міндеттері туралы» мәселелері қаралды. Комиссия отырысында Тасты ауылдық округі әкімі және Ақсай ауылының әкімі атқарылған жұмыстары, алдағы жоспарлары жөнінде баяндама жасады.

Отырыс соңында Амангелді аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы тиісті қаулы қабылдады.