
2025 жылдың 29 тамыз күні аудандық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Бөгетбайұлы Әлмағамбетов ашып жүргізді. Кезекті сессия Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде көрсетілді.
Сессияның жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімдігінің мемлекеттік мекеме басшылары және аудандық мәслихаттың қызметкерлері қатысты.
Депутаттар алдын ала сессияның барлық материалдарды алды және шешімдердің жобаларымен және баяндамаларымен толық таныса алды.
Кезекті сессияның күн тәртібіндегі мәселелер:
1. Өзіне жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау жөніндегі аудан әкімінің есебі.
Баяндамашы: Қ.У. Кеделбаев - Амангелді ауданының әкімі.
2. Мәслихаттың 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №121 «Амангелді ауданының 2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: М.С. Сакетов – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
3. Мәслихаттың 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №122 «Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2025 – 2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Ауылдық округтердің әкімдері.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып болған соң шешім қабылданып, сессия өз жұмысын аяқтады.