ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14 бабы және 19 бабы 6 тармағының 6) тармақшасына сәйкес сайлау комиссиясы құрамынан өз еркімен шығуына байланысты Амангелді ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері өз міндеттерін атқарудан босатылды.

Амангелді аудандық мәслихатының жұмыс тобы босаған сайлау комиссиясларының орнына 2025 жылдың 26 тамызынан 9 қыркүйекке дейін саяси партиялардан округтік және учаскелік сайлау комиссиясының мүшелігіне өз кандидаттарының ұсыныстарын қабылдайды.

  1. № 5 Округтік сайлау комиссиясы – 1 орын.
  2. № 241 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын.

Саяси партиялар мен басқада қоғамдық ұйымдардың жұмыс тобына тапсыратын құжаттары:

1) сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматында;

2) тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-amangeldi?lang=kk).

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық Заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.   

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс. Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 9 қыркүйекке дейін. Дүйсенбі-жұма күндері 9.00-18.00-ге дейін жүргізіледі. Үзіліс сағат 13.00-14.30-ға дейін.

Мәслихаттың орналасқан жері: Амангелді селосы, Б.Майлин көшесі, 14 үй. Байланыс телефондары : 21-5-31, 22-0-50.