Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы

2025 жылғы 11 маусым күні Амангелді аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес отырысы өтті. Комиссия отырысына мәслихат аппаратының бас маманы Т.М.Турганов, Амангелді ауданының Үрпек ауылдық округі әкімі Ғ.Т.Жақыбаев, мәслихат депутаттары қатысты. Жиынға білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы Ж.Х.Сыздықов төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Аталған отырыстың күн тәртібінде «Үрпек ауылдық округінің абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау, әлеуметтік салаларды дамыту барысы және алға қойған міндеттері туралы» мәселе қаралды.
Комиссия отырысында Үрпек ауылдық округі әкімі Ғалымжан Тұрлығұлұлы Жақыбаев атқарылған жұмыстары, алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасады.
Отырыс соңында Амангелді аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы тиісті қаулы қабылдады.