2025 жыллың 28 мамыр күні аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Бөгетбайұлы Әлмағамбетов ZOOM бағдарламасы арқылы Амангелді аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясын өткізді. Кезектен тыс сеcсия Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде көрсетілді.
Сессияның жұмысына Амангелді аудандық мәслихатының депутаттары, аудандық мәслихат аппаратының басшысы, аудан әкімдігінің мемлекеттік мекеме басшылары және аудандық мәслихаттың қызметкерлері қатысты.
Депутаттар алдын ала сессияның барлық материалдарын алды және шешімдердің жобаларымен және хабарламаларымен толық таныса алды.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі төмендегідей бекітілді:
1. Бейбіт Тынымбайұлы Оспанға «Амангелді ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
Хабарламашы: С.З. Сейдин - аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
2. Шара Мусиловаға «Амангелді ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
Хабарламашы: С.З. Сейдин - аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
3. Есім Жетпісбайұлы Дауылбайға «Амангелді ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
Хабарламашы: С.З. Сейдин - аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
4. Жұлдызайым Жұмағұлқызы Олжағұловаға «Амангелді ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
Хабарламашы: С.З. Сейдин - аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып болған соң шешім қабылданып, сессия өз жұмысын аяқтады.