Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеуі бойынша кездесу өтті

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеуі бойынша кездесу өтті

2025 жылдың 21 мамыр күні Амангелді жалпы білім беретін мектебінде Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеуі бойынша кездесу өтті.
Іс-шара барысында Амангелді аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Сейдағалым Шіменбайұлы Алшорин мемлекеттік қызметтегі мансаптық мүмкіндіктер және жастар саясаты туралы атап өтті. 2025 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің іріктеуіне «Амангелді аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша жауапты бас маманы Тимур Маратұлы Турганов кадр резервіне іріктелу талаптары мен кезеңдері жайлы кеңінен таныстырды.
Жиынға арнайы аудандық мәслихат депутаты, 2024 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Айтқожа Мұратбекұлы Әлімқұлов тәжірибесімен бөлісті. Ол жастармен өз еңбек жолын, қоғамдық тәжірибесін және Президенттік жастар кадр резервіне өту барысын шынайы мысалдарымен бөлісті.