2025 жылдың 21 мамыр күні Амангелді аудандық мәслихатының кезекті 10-шы сессиясы өтті. Күн тәртібінде Амангелді ауданының 2024 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы туралы мәселе қаралды. Сессияға аудан әкімі Қанат Уәшұлы Кеделбаев және арнайы Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Қосабаев Шалқар Жақанұлы қатысты.
Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Бөгетбайұлы Әлмағамбетов ашып жүргізді. Амангелді аудандық мәслихатының кезекті 10-шы сессиясында,«Амангелді ауданының 2024 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы туралы» бойынша Амангелді ауданының қаржы бөлімінің басшысы Жұлдызай Бақытбекқызы Сеилова баяндама жасады. Аталған мәселе бойынша Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Шалқар Жақанұлы Қосабаев қосымша баяндама жасады.
Амангелді ауданының 2024 жылғы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп төмендегідей көлемде бекітілді:
1) Кірістер бойынша - 7 474 155,5 мың теңге (100,4 %), оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 857 293,0 мың теңге (104,0 %);
салықтық емес түсімдер бойынша - 8 826,0 мың теңге (203,4 %);
негізгі капиталдарды сатудан түскен түсімдер бойынша - 666,0 мың теңге
(134,1 %);
трансферттер түсімі бойынша - 6 587 370,5 мың теңге (100
%).
2) Шығындар бойынша - 7 283 402,4 мың теңге (98,5 %);
3) Таза бюджеттік кредиттеу бойынша - 30 756,1 мың теңге;
бюджеттік кредиттеу - 51 924,1 мың теңге (17,8 %);
бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша - 21 168,0 мың теңге (145,4 %);
4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 186 995,4 мың теңге;
5) Бюджет тапшылығы - -46 998,4 мың теңге;
6) Бюджет тапшылығын қаржыландыруға - 46 998,4 мың теңге;
қарыздардың түсімі - 51 924,1 мың теңге (100 %);
қарыздарды өтеу - 21 686,7 мың теңге (100 %).
Есепті жылдың соңында қалған бюджеттік қаражат 192 689,0 мың теңгені кұрады.