2025 жылғы 24 сәуірде депутат Б.Бидаулетованың төрағалығымен аудандық мәслихаттың бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен жоспарлы отырысы өтті. Күн тәртібінде 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің және Алтынсарин ауданының ауыл және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы, 2024 жылғы 27 желтоқсандағы «Алтынсарин ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың № 110 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Алтынсарин ауданындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйі мен даму келешегі туралы және Мәриям Хакімжанова атындағы ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы мәселелер қаралды.