
Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесіндегі мәслихаттардың рөлі: тарихы, бүгіні және болашағы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысының бірінші күні басталды.
Шараға кеңес мүшелерімен қатар барлық деңгейдегі мәслихат төрағалары, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, халықаралық және отандық сарапшылар мен ғалымдар қатысуда.