Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы

Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы

Бүгін аудандық мәслихат төрағасы С.С.Мусапированың төрағалығымен Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы ZOOM режимінде өтті. Күн тәртібіне сәйкес 2 мәселе қаралды. Оның негізгісі – «Мәслихаттың 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 72 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және екінші мәселе «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жанындағы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның жеке құрамын бекіту туралы». Мәслихаттың тиісті шешімдерін қабылдау үшін депутаттар бірауыздан дауыс берді. Отырыс әлеуметтік желілерде онлайн көрсетілді.