Ауданның участкелік сайлау комиссиясының құрамындағы бос орындар туралы Алтынсарин аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Ауданның участкелік сайлау комиссиясының құрамындағы бос орындар туралы Алтынсарин аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Ауданның участкелік сайлау комиссиясының құрамындағы бос орындар туралы Алтынсарин аудандық мәслихатының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына, Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 4 тамыздағы № 46/51 «Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» қаулысына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты бос орындар туралы хабарлайды.     

Төменде бос орындар бар сайлау комиссияларының тізімі жарияланады.

Сайлау комиссияларында барлығы 1 (бір ) бос орын бар.

Құрылатын сайлау комиссиясына қатысты Қазақстан Республикасының саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің және жоғары тұрғандардың ұсыныстары 2026 жылғы 13 тамыздан 27 тамызғға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Көрсетілген мерзімде саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиясы мәслихат аппаратына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидаттар туралы белгіленген нысандағы мәліметтерді электрондық және қағаз жеткізгіштерде;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бiрлестiктi немесе олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi;

4) кандидаттардың белгiленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келiсiм беру туралы өтiнiшi (Қосымша 2).

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидаттар туралы ақпарат нысандары, өтініш, біліктілік талаптары мәслихаттың (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-altynsarin/documents/1?lang=kk) интернет-ресурсында орналастырылған.

Сайлау комиссияларының құрамы туралы ұсыныстарды қабылдау аудандық мәслихаттың аппаратында 2026 жылғы 27 тамызғға дейін (қоса алғанда) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:30-ден 17:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін жүргізіледі.

 

Алтынсарин аудандық мәслихаты

 

Мусапирова Светлана Сағындыққызы – Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Обаған ауылы, Ленин, көш.4, аудан әкімдігінің ғимараты.

Құжаттарды жинауға жауапты тұлға: Сартова Ж.М.  телефон              8(71445) 34-2-57 электрондық пошта мекен-жайы:  altynsarmas@mail.ru

 

 

Құрамында бос орны бар Алтынсарин аудандық участкелік сайлау комиссиясының

ТІЗІМІ

 

 Участок номері

Сайлау комиссиясының

орналасқан жері

 

Вакансиялар саны

 

Участкелік сайлау комиссиясы1

1.

183

Орналасқан жері: Бирюковка ауылы, Целинная көшесі, №1 (жеке тұрғын үй ғимараты)

1