СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Құрметті ұстаздар мен мектеп бітіруші түлектер!

Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Түлектеріміз өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырып отыр. Оқу жылын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларымыз жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, көтеріңкі көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін. Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда.

Барша жас түлектерді алдағы үлкен сынақ ҰБТ-дан абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атанатынына сеніміміз мол.

Құрметті жас түлек!

Сіздердің жаңа өмір айдынына аттанғалы тұрған мерекелі күндеріңіз құтты болсын! Сіздерге тек қана мықты денсаулық, сәтті сапар, мерейлі мақсат тілеймін. Аспандарыңыз қашанда ашық болсын!

Ізгі тілекпен, Алтынсарин аудандық мәслихатының төрағасы С.С. Мусапирова