
Ағымдағы жылдың 14 мамырында сағат 14:30-да депутат Б. Бидаулетованың төрағалығымен аудандық мәслихаттың бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды:
- Алтынсарин ауданының 2025 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы;
- Алтынсарин ауданының 2025 жылға арналған ауылдары мен ауылдық округтерінің бюджеттерінің орындалуы туралы;
- Алтынсарин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №171 «Алтынсарин ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
- мемлекеттік сектор мен бизнестегі осал топтар үшін жұмыспен қамту квоталарының орындалуын бақылауды ұйымдастыру туралы;
- Алтынсарин ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережелерінің сақталуы туралы.