Ауданның учаскелік сайлау комиссиясының құрамындағы бос орындар туралы Алтынсарин аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Ауданның учаскелік сайлау комиссиясының құрамындағы бос орындар туралы Алтынсарин аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

        

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына, «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы  6 сәуіріне № 22 қаулысына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты бос орындар туралы хабарлайды.

Төменде бос орындар бар сайлау комиссияларының тізімі жарияланады.

Сайлау комиссияларында барлығы 1 (бір ) бос орындар бар.

Құрылатын сайлау комиссиясына қатысты Қазақстан Республикасының саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің және жоғары тұрғандардың ұсыныстары 2026 жылғы 7 сәуірінен 21 сәуірге дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Көрсетілген мерзімде саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиясы мәслихат аппаратына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидаттар туралы белгіленген нысандағы мәліметтерді электрондық және қағаз жеткізгіштерде (Қосымша 1);

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бiрлестiктi немесе олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi;

4) кандидаттардың белгiленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келiсiм беру туралы өтiнiшi (Қосымша 2).

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі комиссияны құрған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлікте тұруы тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделгендей сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы мүшелерінің жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.

Жақын туыстар (ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық және жартылай аға-інілер, ата-әжелер, немерелер немесе жұбайлар) сайлау комиссиясының мүшелері бола алмайды.

Мәслихатқа қағаз түрінде ұсынылған барлық құжаттарға қол қойылып, мөрмен куәландырылып, орындалған күні, орындаушы туралы белгі, оның тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы туралы ұсыныстарды қабылдау аудандық мәслихаттың аппаратында 2026 жылғы 21 сәуірге дейін (қоса алғанда) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:30-ден 17:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ға дейін келесі мекенжай бойынша жүргізіледі: Обаған ауылы, Ленин көш., 4.