
«Халық Конституциясы үшін» аудандық коалициясының қызметі аясында Алтынсарин аудандық мәслихатының төрайымы С.С. Мусапирова бүгін аудандық мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты жаңа Конституция жобасына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіру, сондай-ақ олардың елдің дамуына, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әсерін талқылау болды. Кездесуден кейін жаңа Конституция жобасының маңыздылығын халыққа кеңінен түсіндірілді.