Алтынсарин аудандық мәслихатындағы AMANAT партиясының депутаттық фракциясының отырысында депутаттар келесі мәселелерді қарастырды:
- Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын қарау және талқылау;
- Партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасын іске асыру барысы туралы;
- Партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыруда және өзекті қоғамдық мәселелерді шешуде депутаттық сауалдарды пайдалану бойынша депутаттық фракцияның жұмысын күшейту туралы;
- Алтынсарин аудандық мәслихатындағы AMANAT партиясының депутаттық фракциясының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.