
Ағымдағы жылдың 11ақпанында аудандық мәслихат төрағасы С.С. Мусапированың төрағалығымен Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы ZOOM режимінде өтті. Күн тәртібіне сәйкес 2 мәселе қаралды: Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясын сайлау туралы» № 54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Алтынсарин ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» № 55 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Мәслихаттың тиісті шешімдерін қабылдау үшін депутаттар бірауыздан дауыс берді.