Силантьев орта мектебінің оқушыларымен «Сайлауда барлығына тең мүмкіндіктер» тақырыбында кездесу өтті

Силантьев орта мектебінің оқушыларымен «Сайлауда барлығына тең мүмкіндіктер» тақырыбында кездесу өтті

Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында аудандық мәслихаттың төрағасы С.Мүсәпірова және мәслихат депутаты Б.Бидәулетова аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерімен және Жас сайлаушылар клубының мүшелерімен бірлесіп, Силантьев орта мектебінің оқушыларымен «Сайлауда барлығына тең мүмкіндіктер» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында тең дауыс беру жағдайларын қамтамасыз ету, халықтың әртүрлі топтары үшін сайлауға қолжетімділік, ақпараттық ашықтық және сайлауды жариялау мәселелері талқыланды. Депутаттар депутаттық қызметіндегі тәжірибелерімен бөлісіп, болашақ сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.