
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының ең басты мерекесі - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі бейбіт күніміз, тәуелсіз мемлекеттілігіміз – ата-бабамыз аңсаған, сан ғасырлар бойы армандаған қастерлі ұғым. Бүгінде Қазақстан халқы бірлік пен татулықтың арқасында жарқын болашаққа нық қадам басып, үлкен жетістіктерге жетуде.
Қазақстан туы астындағы әр шаңыраққа, әр азаматқа - баршаңызға бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Еліміз аман, жеріміз бүтін, аспанымыз ашық, егемендігіміз мәңгілік болсын!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болсын!