
Ағымдағы жылдың 16 қазанында аудандық мәслихат төрағасы С.С. Мусапированың төрағалығымен Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы ZOOM режимінде өтті. Күн тәртібіне сәйкес 1 мәселе қаралды: «Алтынсарин ауданының 2025-2027 жылдарға арналған ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттері туралы» Алтынсарин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 117 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Мәслихаттың тиісті шешімдерін қабылдау үшін депутаттар бірауыздан дауыс берді. Отырыс әлеуметтік желілерде онлайн көрсетілді.