Құрметті ата - аналар, ұстаздар және оқушылар!
Сіздерді 2024 - 2025 оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – мектеп бітіруші түлектерге даңғыл жол, жаңа мүмкіндіктер ашатын жарқын мереке. Ал мектеп табалдырығын өткен жылы алғаш аттаған бүлдіршіндер бір сатыға көтеріліп, ата - ананың, ұстаздар қауымының көз қуанышына айналып отыр.
Оқушылар, сіздерді соңғы қоңыраумен және жазғы демалыстың басталуымен құттықтаймын. Сіздерге, балалар, керемет жаз, жарқын күн, көңілді көңіл - күй және осы ұзақ демалыс күндерін қызықты өткізулеріңізді тілектеспін.
Құрметті түлектер! Бүгінгі жас – ертеңгі болашақ. Сондықтан, әрдайым сын сағаттан сүрінбей өтіп, армандаған мамандықтарыңның иесі атануларыңызға тілектеспін. Сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың және аялап өсірген ата - аналарыңыздың үмітін ақтап, Тәуелсіз еліміздің өсіп - өркендеуіне сіздер зор үлес қосатындарыңызға сенемін. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! Бәріңізге ақ жол тілеймін!