Меню
Страницы

Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы

Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы

Ағымдағы жылдың 13 қазанында аудандық мәслихат төрағасы С.С.Мусапированың төрағалығымен Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы ZOOM режимінде өтті. Күн тәртібіне сәйкес 6 мәселе қаралды:

- аудандық мәслихатының депутаты Ахметова Әмір Батырбекұлының депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы;

- мәслихаттың 2024 жылғы 27 желтоқсаңдағы № 110 «Алтынсарин ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

- Алтынсарин  аудандық  мәслихатының  2020 жылғы 3 шілдедегі № 33 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

- мәслихаттың 2023 жылғы 19 мамырдағы № 22 «Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

- мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 149 «Алтынсарин аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

- мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 57 «Алтынсарин ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Мәслихаттың тиісті шешімдерін қабылдау үшін депутаттар бірауыздан дауыс берді. Отырыс әлеуметтік желілерде онлайн көрсетілді.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты