
Жамбыл ауданында мәслихаттың кезекті XLVIII-ші сессиясы өтті
Жамбыл аудандық мәслихатының кезекті XLVIII-ші сессиясы өтті. Отырысқа аудан әкімі Нұрлан Ертасұлы, аудандық мәслихаттың төрағасы Мадияр Орынтайұлы, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Есенаманов Қуаныш Бекмұратұлы, аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Сессия барысында күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының Жамбыл ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы жөніндегі қорытынды есебі туралы.
Сессияда депутаттар есепті мұқият тыңдап, бірқатар сұрақтар қойып, тиісті ұсыныстарын білдірді. Аудан басшылығы алдағы уақытта бюджеттің орындалуын одан әрі жетілдіру және ашықтықты қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізілетінін атап өтті.
Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, ұсынымдар берілді.