
Бүгін аудан әкімдігінде ағымдағы жылдың 15 наурызында елімізде өткен саяси науқан барысында жоғары белсенділік танытып, қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене атсалысқан бірқатар азаматтарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаттары және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеңесшісі Ерлан Қариннің Алғыс хаты табысталды.
Салтанатты марапаттарды Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас табыстап, жиын барысында марапат иелерінің ел бірлігі мен тұрақтылығын нығайту жолындағы еңбектерін ерекше атап өтті.
Жиын соңында марапат иелеріне алғыс білдіріліп, естелік суретке түсті.