
Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы жаңа Мәдениет үйінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгін аудан әкімінің орынбасары А. Туматаев пен аудандық мәслихат төрағасы М. Әмірғалиев нысан басына барып, жұмыс барысымен танысты.
Негізгі назарда:
Мердігер мекеменің жұмыс сапасы;
Құрылыс қарқыны мен бекітілген кестеге сәйкестігі;
Материалдардың сапасы.
Нысан туралы мәлімет:
Жоба: Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылындағы 350 орындық мәдениет үйі;
Мердігер мекеме: «AS Karasay» ЖШС.
Жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілгеннен кейін ауыл тұрғындары үшін мәдени-рухани іс-шаралар, түрлі кездесулер мен шығармашылық кештер өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жастар мен өнерпаздардың бас қосатын, ауылдың мәдени өмірін жандандыратын маңызды орталыққа айналады деп сенеміз.
Нысанның сапалы әрі мерзімінде аяқталуы — басты назарда. Құрылыс барысы алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады.