
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын таныстыру және оның негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында Алматы облыстық мәслихат төрағасы Қ. С. Байғоджаевтың төрағалығымен Policom платформасы арқылы талқылау жиыны өтті.
Іс-шараға Жамбыл аудандық мәслихат төрағасы М.Амиргалиев, Жамбыл аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Б. Алиев, «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы Ы. Амалбек, сондай-ақ мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты