2025 жылғы 28 сәуірде сағат 15:00-де Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40 мекенжайында орналасқан Достық Үйінің ғимаратында Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XXІХ сессиясы өтеді.
Күн тәртібі:
- Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
- Алматы қаласы мәслихатының «2025 жылға дейін Алматы қаласы үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» 2019 жылғы 9 тамыздағы № 379 шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
- Алматы қаласы бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2025 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы;
- Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 263 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 07 желтоқсандағы № 386 шешімі күші жойылды деп тану туралы;
- Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 209 «Алматы қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
- Алматы қаласында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы.
Сессия отырысы келесі ресурстарда онлайн режимде көрсетіледі:
- Мәслихаттың ресми сайты
- Мәслихаттың YouTube каналы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін ресми сауалды 2025 жылдың 28 сәуір сағат 10:00-ге дейін almaty_maslihat@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет.
БАҚ өкілдері үшін сессияның тікелей көрсетілімі ұйымдастырылған баспасөз орталығы болатынын хабарлаймыз.
Алматы қаласы Мәслихатының аппараты тел.: 325-80-01.