Алматы қаласында Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу конкурсы өтті
Ашық дауыс беру нәтижесінде және тәуелсіз байқаушылардың қатысуымен Жұмыс тобының құрамына 9 адам енді.
Белгіленген ережелерге сәйкес, мемлекеттік органдардың өкілдері Жұмыс тобының жалпы құрамының үштен бірінен аспауы тиіс, ал кемінде үштен екісін азаматтық қоғам өкілдері құрайды. Үміткерлер азаматтық қоғам өкілдері коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде анықталды.
Жұмыс тобының құрамы:
Азаматтық қоғам, коммерциялық емес ұйымдар және азаматтар өкілдері:
Мемлекеттік органдар өкілдері:
Жұмыс тобы өз міндеттерін атқаруға кірісті. Оның басты мақсаты – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау процесін ұйымдастыру және өткізу. Барлық жұмыстар қолданыстағы заңнама талаптарына толық сәйкес жүргізілетін болады.