Алматы қаласының инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандарын дамыту

Алматы қаласының инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандарын дамыту

Құрылыс, сәулет, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында депутаттар Алматы қаласының 2024–2026 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу және 2025–2027 жылдарға арналған бюджет жобаларын қарады.

Жұмыстың негізгі бағыттары:

  • Білім беру: балабақшалар мен мектептер ғимараттарын қайта жөндеу және күрделі жөндеу, жаңа білім беру нысандарын салу, сондай-ақ оқу орындарын жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу.
  • Денсаулық сақтау: медициналық нысандарды, оның ішінде амбулаторияларды, емханаларды және қалалық ауруханаларды салу және қайта жаңарту арқылы медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.
  • Спорт және мәдениет: спорттық-сауықтыру кешендерін, стадиондар мен шығармашылық орталықтарын салу арқылы спортты және мәдени бастамаларды дамыту, сондай-ақ театрларды қайта жаңғырту мен жаңа қоғамдық кеңістіктерді құруды қоса алғанда, мәдени нысандарды жаңғырту.
  • Қауіпсіздік: қаланың шеткері аудандарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа өрт сөндіру деполарын салу.