«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алматыда 300 алма ағашы отырғызылды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алматыда 300 алма ағашы отырғызылды

Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Алатау ауданында Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойына орай 300 алма көшеті отырғызылды.

«Жалпы, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны қала бойынша 30 мыңға жуық ағаш отырғызуды көздейді. Айта кету керек, бұл бірреттік бастама емес. Барлық ағаштарға үш жыл бойы күтім жасалады, өмір сүру деңгейі бақыланады», - деді Алматы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев.

Экоакцияға депутаттар, қала әкімдігінің, «Генералдар кеңесі» және «Офицерлер кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, әскери қызметшілер, белсенді жастар, еріктілер және бей-жай қарамайтын алматылықтар қатысты.