Алматыда қала күні тойланды

Алматыда қала күні тойланды

Мегаполис тұрғындары дәстүр бойынша қыркүйектің үшінші жексенбісінде Қала күнін атап өтеді. Алматының әр түкпірінде мерекелік іс – шаралар-концерттер, көрмелер, флешбомдар, фестивальдар және тағы басқалар өтеді. Мереке Абай алаңындағы «Алматы жүрегімде» халықаралық байқауынан басталды, онда қала әкімі Ерболат Досаев алматылықтарға құттықтау сөз сөйледі. Мерекелік концертке мәслихат депутаттары да қатысты.

«Алматы Қазақстан тәуелсіздігінің «Алтын бесігі», еліміздің жаңа тарихы басталған қала деп аталады. Біздің қаламыздың басты құндылығы – сіздер, Алматы тұрғындары. Сіздер қаланы көркейтіп, алуан түрлі және қонақжай етесіз. Осы ерекше күні мегаполистің дамуына үлесін қосқан әр алматылыққа алғыс білдіремін», – деді Ерболат Досаев.

Құттықтау сөзінен кейін қала басшысы мегаполистің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан қала тұрғындарын «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағымен марапаттады. Мәслихаттың шешімімен олардың қатарына ғалымдар, дәрігерлер, суретшілер, қоғам қайраткерлері және т.б. бар.

«Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағымен марапатталғандардың тізімі:

  1. «Дос-Мұқасан» аңызға айналған вокалды-аспапты ансамбль;
  2. Көрнекті антрополог ғалым Оразақ Исмағұлов;
  3. Белгілі суретші, «Қазақстан Суретшілер одағы» РҚБ мүшесі Алпысбай Қазғұлов;
  4. Қазақстанның Халық әртісі Жәния Әубәкірова;
  5. Қоғам қайраткері, «Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі» ҚБ төрағасы Мұрат Абдушукуров;
  6. Мемлекет және саяси қайраткер Сәт Тоқпақбаев;
  7. ҚР ҰҒА академигі Ғахип Уәлиев;
  8. Ғалым-математик, ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев;
  9. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт ардагері, футболшы Құралбек Ордабаев;
  10. «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы Зәуреш Аманжолова.