ТКШ және қоғамдық көлік мәселелері алматылықтардың басты назарында

ТКШ және қоғамдық көлік мәселелері алматылықтардың басты назарында

ТКШ және қоғамдық көлік мәселелері алматылықтардың басты назарында

Бұл туралы Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары Коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық мобилділік жөніндегі комиссия шеңберінде өткен 2022 жылғы қала бюджетінің атқарылуын қарау кезінде атап өтілді.

2022 жылы көзделген инженерлік желілерді жайластыру мен 63 тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік объектілерге жеткізуден 27 объекті пайдалануға берілді, 36 объекті бойынша аяқталу мерзімі 2023 жылға келеді.

Депутаттардың сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту жөніндегі жоспарлары туралы сұрағына Алматыда 2023-2024 жылдары жұмыстарды аяқтау мерзімі бар 13 объектінің құрылысы көзделгені белгілі болды, оның ішінде: Наурызбай ауданының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін Ақсай және Қарғалы өзендерінде екі су тарту құрылыстары мен су дайындау станцияларының құрылысы, магистральдық және тарату желілерінің құрылысы.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға келетін болсақ, 2022 жылы 2023 жылы аяқталу мерзімі бар З объектіні салу және реконструкциялау жүзеге асырылды, оның ішінде: Молдағалиев, Толстой, Чернышевский, Сауранбаев көшелеріндегі көппәтерлі тұрғын үйлерге арналған сыртқы коммуникациялық инженерлік желілерді, «Алғабас-4» мешіт ғимаратын салу  және Ақсай өзеніндегі су дайындау станциялары.

«Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану» бағдарламасы бойынша 13 нысанды салу және реконструкциялау көзделді, оның ішінде 1 нысан аяқталды (су жинауға арналған алаңнан тыс электр техникалық желілер-М219. 12 нысан бойынша пайдалануға беру мерзімі 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Бұл-Оңтүстік аудандық қазандықты қайта жаңарту.

Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының құрылыс объектісі, оның ішінде: 30 бағдаршам объектісінің, 70 реттелетін және 70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы сәтті пайдалануға берілді.

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ұзындығы 200 км жолдарға орташа жөндеу жүргізілді, ауданы 12 000 ш.м. жолдарға ағымдағы жөндеу, ауданы 268 ш.м. көпір құрылыстарына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Алматы қаласының метрополитен желісін кеңейту арқылы қоғамдық көліктің ұтқырлығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында 2022 жылы метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегінің екінші іске қосу кешені «Мәскеу» станциясынан ұзындығы 3,1 км «Достық» станциясына дейін пайдалануға берілді. Сонымен қатар, метрополитенмен және әлеуметтік маңызы бар ішкі қатынастармен жолаушылар тасымалын субсидиялау шеңберінде метрополитенмен тасымалданған жолаушылар саны 17,1 млн. адамды, т/ж көлікпен және автобустармен тасымалданған жолаушылар саны 383 млн. адамды құрады.