Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс LII сессиясы

Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс LII сессиясы

2026 жылғы 18 қыркүйекте сағат 10:00-де Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40, мекенжайында орналасқан Достық Үйінің ғимаратында Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс LII сессиясы өтеді.

 

Күн тәртібі:

  1. «TAZA QALA» бағдарламасын бекіту туралы;
  2. Алматы қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша тұру (болу) орны бойынша тіркеу нормативін бекіту туралы;
  3. Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа көлік құралдарының кіруіне шектеу енгізу туралы;
  4. Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы айқындаған ақылы коммуналдық орынтұрақтар орналастырылған орындарда тарифтеуді бекіту туралы;
  5. Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі арнаулы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын жеткізгені (эвакуациялағаны) және уақытша сақтағаны үшін төлемақы мөлшерін айқындау туралы;
  6. «Алматы қаласы Мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы;
  7. «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

 

Сессия отырысы келесі ресурстарда онлайн режимде көрсетіледі:

  1. Мәслихаттың ресми сайты 
  2. Мәслихаттың YouTube каналы

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін ресми сауалды 2026 жылдың 17 қыркүйегі сағат 18:00-ге дейін almaty_maslihat@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет.

БАҚ өкілдері үшін сессияның тікелей көрсетілімі ұйымдастырылған баспасөз орталығы болатынын хабарлаймыз.

Алматы қаласы Мәслихатының аппараты тел.: 325-80-01.