Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XLVII сессиясы

Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XLVII сессиясы

2026 жылғы 29 маусымда сағат 15:00-де Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40, мекенжайында орналасқан Достық Үйінің ғимаратында Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XLVII сессиясы өтеді.

 

Күн тәртібі:

  1. Алматы қаласы мәслихатының «Almaty Business - 2030» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасын бекіту туралы» 2026 жылғы 18 ақпандағы № 287 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Алматы қаласының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
    2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы;
  3. Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі сумен жабдықтау және шаруашылық-тұрмыстық кәріз жүйелерін дамыту жоспарын бекіту туралы;
  4. Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесін лауазымнан босату туралы;
  5. Алматы қаласы мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

 

Сессия отырысы келесі ресурстарда онлайн режимде көрсетіледі:

  1. Мәслихаттың ресми сайты 
  2. Мәслихаттың YouTube каналы

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін ресми сауалды 2026 жылдың 29 маусымы сағат 10:00-ге дейін almaty_maslihat@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет.

БАҚ өкілдері үшін сессияның тікелей көрсетілімі ұйымдастырылған баспасөз орталығы болатынын хабарлаймыз.

Алматы қаласы Мәслихатының аппараты тел.: 325-80-01.