#MaslikhatAlmaty алаңында Кәсіпкерлік, инвестициялар, туризм және экология мәселелері жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында депутаттар кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру, экологиялық жағдайды жақсарту және туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған мәселелерді қарады.
Сонымен қатар, комиссия мүшелері «Almaty Business – 2030» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізу, Алматы қаласының 2026–2028 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын бекіту, сондай-ақ экологиялық бекеттердің жұмыс тиімділігі мәселелерін талқылады.
Күн тәртібіндегі жеке мәселелердің бірі Алматылық тау кластерінің көлік қолжетімділігі болды. Депутаттар көлік инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғындар мен қала қонақтарының тау туризмі нысандарына қауіпсіз әрі қолайлы қатынауын қамтамасыз ету шараларын қарастырды.
Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар қаралған жобалар мен бастамаларды одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдарын білдірді.