Алматы қаласы мәслихатының кезекті XLVI сессиясы туралы қосымша хабарландыру

Алматы қаласы мәслихатының кезекті XLVI сессиясы туралы қосымша хабарландыру

2026 жылғы 10 маусымда сағат 15:00-де Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40, мекенжайында орналасқан Достық Үйінің ғимаратында Алматы қаласы Мәслихатының кезекті XLVI сессиясы өтеді.

 

Күн тәртібі:

  1. Алматы қаласының бюджетін 2025 жылы атқарудың кейбір мәселелері туралы;
  2. Алматы қаласы мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 267 «Алматы қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;
  3. «Алматы қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге халық үшін тарифтерді бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 111 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  4. Алматы қаласында Жерлеу және қабірлерді күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы;
  5. Алматы қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы;
  6. «Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  7. Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;
  8. Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы;
  9. Алматы қаласының жаңадан құрылған сайлау учаскелерінің учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау және өкілеттік мерзімінің қалған кезеңіне шығып қалған мүшелердің орнына аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы;
  10. «VIII шақырылым Алматы қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және тұрақты комиссияларының төрағаларын, мүшелерін сайлау туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

 

Сессия отырысы келесі ресурстарда онлайн режимде көрсетіледі:

  1. Мәслихаттың ресми сайты 
  2. Мәслихаттың YouTube каналы

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін ресми сауалды 2026 жылдың 9 маусымы сағат 18:00-ге дейін almaty_maslihat@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет.

БАҚ өкілдері үшін сессияның тікелей көрсетілімі ұйымдастырылған баспасөз орталығы болатынын хабарлаймыз.

Алматы қаласы Мәслихатының аппараты тел.: 325-80-01.