Уәкілетті мемлекеттік органдардың есептері тыңдалды

Уәкілетті мемлекеттік органдардың есептері тыңдалды

Кәсіпкерлік, инвестициялар, туризм және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында депутаттар Алматы қаласының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті, сондай-ақ 2026–2028 жылдарға арналған қала бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін қарады.

Талқылау барысында кәсіпкерлік, инвестициялық қызмет, туризм және экология салаларындағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдардың есептері тыңдалды.

Сонымен қатар, депутаттар Алматы қаласы тұрғындары үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму қызметтеріне қолданыстағы тарифтерге өзгерістер енгізу жобасын қарастырды.