Алматы қаласының мәслихатында құрылыс, сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Депутаттар Алматы қаласының 2025 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін, сондай-ақ 2026–2028 жылдарға арналған қала бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін қарады.
Талқылау барысында құрылыс, сәулет, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту салаларындағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдардың есептері тыңдалды. Жыл бойы әлеуметтік нысандарды салу және қайта жаңғырту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, қалалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қала тұрғындары үшін қолайлы әрі сапалы орта қалыптастыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жұмыстарының жалғасқаны атап өтілді.
Сонымен қатар депутаттар қаланың өзекті қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, қоғамдық кеңістіктер және коммуналдық инфрақұрылым салаларындағы басым әлеуметтік жобаларды одан әрі іске асыруға бағытталған бюджеттік қаражатты қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды қарастырды.
Отырыс барысында бюджет қаражатын тиімді пайдалану, жобаларды іске асыру мерзімдерін сақтау және жоспарланған іс-шаралардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.