«Вечерний Алматы» ұжымы «Заңғар» төсбелгісімен марапатталды

«Вечерний Алматы» ұжымы «Заңғар» төсбелгісімен марапатталды

Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев «Вечерний Алматы» газетінің ұжымын басылымның 90 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Кездесу барысында төраға тоқсан жыл бойы газет Алматы қаласының қоғамдық, мәдени және экономикалық өміріндегі маңызды оқиғаларды тұрақты жариялап жүрген беделді ақпарат көздерінің бірі екенін атап өтті.

«Вечерка» бүгінде қала тарихының шежіресіне айналып, ұрпақтар сабақтастығын сақтап, мегаполистің дамуына қатысты өзекті мәселелерді кәсіби әрі объективті жариялайтын сенімді ақпарат алаңы ретінде қалыптасып отыр», – деді Мейіржан Отыншиев.

Қалалық журналистиканың дамуына қосқан көпжылдық үлесі, жоғары кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы үшін Мейіржан Отыншиев газет ұжымына Алматы қаласы мәслихатының наградасы – «Заңғар» төсбелгісін табыстады.

Мәслихат төрағасы журналистерге, басылым ардагерлеріне және бүкіл ұжымға ұзақ жылдарғы адал еңбегі үшін алғыс білдіріп, шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тіледі.