«Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» КММ коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулардың өтетіні туралы хабарлайды
Қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін ресми сауалды 2026 жылдың 27 мамыры сағат 18:00-ге дейін pri.505@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет.
Өткізу күні мен уақыты:
2026 жылғы 28 мамыр, басталуы сағат 10:00.
Өткізу орны:
Алматы қаласы, Республика алаңы, 4
(Желтоқсан к-сі жағынан кіру), фронт-офис, № 116 зал.
Байланыс нөмірлері:
225-17-37
225-17-38
225-17-39
8-747-523-77-51