Алматы көшелері мен аулаларындағы ойыншық автоматтары: депутаттар мәселені жүйелі шешуді ұсынды
⠀
Бұл мәселе мәслихаттың профильдік комиссиясының отырысында қаралды. Депутаттар «хватайка» деп аталатын автоматтардың кең таралуына және олардың балаларға әсеріне назар аударды.
⠀
Депутаттардың пікірінше, мұндай автоматтар мінез-құлықтық тәуелділік қалыптастырады. «Аз-ақ қалды» деген әсер балаға қайта-қайта ойыншық алуға талпынуға итермелейді, бұл механикасы жағынан құмар ойындарға ұқсас.
⠀
Жыл басынан бері қалада осындай 185 автомат демонтаждалды. Алайда олардың едәуір бөлігі рұқсат құжаттарынсыз тек тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтарында ғана емес, сонымен қатар дүкендердің маңында, тұрғын үйлердің аулаларында және білім беру ұйымдарының жанында орнатылған. Бұл қала тұрғындарына қолайсыздық туғызады және қауіпсіздік пен қалалық орта тұрғысынан орынды сұрақтар тудырады.
⠀
Депутаттық корпус бұл мәселені жүйелі түрде реттеу қажет деп санайды. Атап айтқанда, мұндай нысандарды орналастыруға нақты талаптар белгілеу үшін қаланың абаттандыру қағидаларына өзгерістер енгізу ұсынылады.
⠀
Сонымен қатар, балалардың құқықтарын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ықтимал заңнамалық өзгерістерді пысықтау үшін Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатымен өзара іс-қимыл орнату жоспарлануда.