Алматы қаласы мәслихатының денсаулық сақтау, білім және жұмыспен қамту жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырыс барысында комиссия мүшелері Алматы қаласы әкімінің инклюзия мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Қасиет Омаровамен бірлесіп «2030 жылға дейін Инклюзивті Алматы» тұжырымдамасын қарады.
Талқылау аясында қалада инклюзивті ортаны қалыптастыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын арттыру, білім беру, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту салаларында тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, инфрақұрылымды бейімдеу, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін кеңейту және жүйелі тәсілді енгізу қажеттігі атап өтілді.
Комиссия мүшелері ұсынылған тұжырымдаманың маңыздылығын атап өтіп, оны іске асыру барысында нақты тетіктерді пысықтау, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету қажеттігін айтты.