Дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралды

Дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралды

Алматы қаласы мәслихатының мәдениет, спорт, ішкі саясат, дін және жастар саясаты мәселелері жөніндегі комиссия отырысында қаладағы дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Талқылау барысында спорт мектептерінің қызметіндегі жүйелі кемшіліктер, спортшылар контингентін есепке алу, қабылдау рәсімдерінің ашықтығы, сондай-ақ жаттығу процесіне бақылаудың жеткіліксіздігі атап өтілді. Сонымен қатар, спортшыларды іссапарға жіберу тәртібі мен қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, саланы цифрландыру, бірыңғай есеп жүйесін қалыптастыру, қаланың спорт инфрақұрылымын тиімді пайдалану, сондай-ақ спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге бақылауды күшейту мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар спорт саласындағы басқару тиімділігін арттыру, барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және жүйелі бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.