Кәсіпкерлік, инвестициялар, туризм және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Кәсіпкерлік, инвестициялар, туризм және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Кәсіпкерлік, инвестициялар, туризм және экология жөніндегі тұрақты комиссиясында #MaslikhatAlmaty депутаттары 2026–2028 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау мәселесін қарады.

Атап айтқанда, Туризм басқармасы Үлкен Алматы көліне дейін туристік жол (тропа) салу жобасын таныстырды. Жоба қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолжетімді әрі қауіпсіз туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.

Экология және қоршаған орта бағыты аясында қайта жаңғыртылған су нысандарын күтіп-ұстау және қызмет көрсету, қаланы көгалдандыру және Алматының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді іс-шаралар қаралды. Атап айтқанда, магистральді көшелер бойына ірі көлемді ағаштар отырғызу, өтемдік отырғызу, сәндік-гүлді көгалдандыру, сәндік гүлдейтін бұталар егу және оларды күтіп-ұстау, апатты ағаштарды бұзу, сондай-ақ арнайы техника мен жабдықтар сатып алу жоспарланған.

Сонымен қатар, күн тәртібі аясында депутаттар «Almaty Business-2030» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының жобасын талқылады.