Тұрақты комиссиясының отырысында 2026–2028 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау мәселесі қаралды

Тұрақты комиссиясының отырысында 2026–2028 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау мәселесі қаралды

Алматы қаласы Мәслихатының коммуналдық инфрақұрылым, тұрғын үй инспекциясы, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық мобильділік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында 2026–2028 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау мәселесі қаралды.

Бюджетке енгізілетін өзгерістер аясында Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы бойынша елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру, жасыл аймақтарды «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша күтіп-ұстау, ағаштарды санитарлық қырқу, сондай-ақ жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қарастырылды.

Сонымен қатар Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы тарапынан автомобиль жолдарын күрделі жөндеу, көлік инфрақұрылымын дамыту, көлік айрықтарын салу, көшелерді пробивка жасау, сондай-ақ салынып жатқан мектептерге автомобиль тұрақтары мен кірме жолдар салу жобалары талқыланды.

Күн тәртібі шеңберінде Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы бойынша қалалық нысандарды сәулеттік-көркем жарықтандыру, электр желілерін салу және реконструкциялау шаралары да қаралды.