#MaslikhatAlmaty Денсаулық сақтау, білім және жұмыспен қамту жөніндегі тұрақты комиссиясының депутаттары Алматы қаласының биылғы бюджетке білім беру саласы бөлігінде өзгерістер енгізу мәселесін қарады.
Бюджетті өзгерту шеңберінде білім басқармасы пайдалануға берілген жаңа мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын күтіп-ұстауды қаржыландыруды көздейді. Олар 320 орындық №204 (Шұғыла ықшамауданы), 160 орындық №205 (№10 ықшамауданы), 120 орындық №206 (Алтын-Бесік ықшамауданы), 260 орындық №192 (Жас Қанат ықшамауданы) және 240 орындық №201 (Орбита-3 ықшамауданы, 27-үй) балабақшалар. Сонымен қатар, Almaty Science Center қызметі де қаралды.